Алматы облысында 61 жастағы Өтеген батыр ауылының тұрғынын ұсақ ұрлық бойынша күдікке ілініп, полиция бөліміне жеткізу кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды CMN.KZ.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, күдікті бөлімге бара жатқан жолда қызымен кездесіп, онымен сөйлескеннен кейін өзін нашар сезінген.

«Полиция қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсете бастаған. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындалып, өлім себебі анықталмақ. Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің әрекеті заң талаптарына толық сәйкес екені атап өтілді.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version