Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» таратылған қайырымдылық қорының басшысына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды CMN.KZ
Перизат Қайрат аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ғайни Алашбаева алаяқтық пен қылмыстық кірістерді заңдастыруға қатысқаны үшін кінәлі деп танылды. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Екеуіне де қайырымдылық жұмыстарымен айналысуға тыйым салынады.
Үкім шыққаннан кейін Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева дереу қамауға алынды.
Тілшілер мен операторлар мәжіліс залына жіберілмеді. БАҚ өкілдері үкімнің жариялануын баспасөз залында қадағалауға мәжбүр болды. Перизат Қайрат 3,5 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді.
Айыптау актісінде қылмыстың үш эпизоды көрсетілген:
- балаларды оңалту орталығын салу үшін қаражат жинау (126 млн теңгеден астам жымқыру);
- Газа секторының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге арналған 559 млн теңге өзіне алу;
- 2024 жылғы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинау (2,8 млрд теңге).
Прокурорлар Перизат Қайрат үшін 10 жылға бас бостандығынан айыруды, мүлкін тәркілеуді, мемлекеттік наградалардан айыруды және қайырымдылық қызметпен айналысуға тыйым салуды сұрады. Ғайни Алашбаевадан мемлекеттік айыптаушылар мүлкі тәркіленіп, қайырымдылықпен айналысуға тыйым салынған сегіз жыл түрме тағайындауды сұрады.
Сотталушыларға ҚР ҚК-нің бірнеше бабы бойынша айып тағылды:
- 190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы — «аса ірі мөлшердегі алаяқтық»;
- 218 – баптың 2-бөлігінің 1-тармағы — «алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы Қылмыстық жолмен алған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)»;
- 218 – баптың 3-бөлігінің 3-тармағы — «аса ірі мөлшерде адамдар тобы қылмыстық жолмен алған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)».