Сатыбалды Назарбаевтың жары, Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы – Светлана Назарбаева 77 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды CMN.KZ.

Суық хабарды саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында жариялады.

Светлана Назарбаева Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың жары болған. Сатыбалды мен Светлананың екі ұлы – Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіш – түрлі мемлекеттік қызметтерде жұмыс атқарған.

Қайрат Сатыбалды 2018-2021 жылдар аралығында «Тасымал қызметі орталығы» мекемесінен 28 миллиард теңге жымқырғаны үшін сотталған болатын. Сонымен қатар, «Қазақтелекомға» 2018-2022 жылдар аралығында 12 миллиард теңге көлемінде залал келтіргені үшін 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кейіннен заңсыз иеленген активтерді қайтарған соң, жазасының қалған бөлігі бас бостандығын шектеуге өзгертілді.

Самат Әбішке де 2024 жылы сот үкімі шықты. Ол билікті асыра пайдаланғаны үшін айыпталып, 8 жыл шартты түрде сотталды.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version