Көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Процедуралық шешім қабылданғаннан кейін ата-аналар жауапқа тартылады, деп хабарлайды CMN.KZ

4 наурызда полицияға бала қоңырау шалып, қалалық мектептердің бірін террористтер басып алды деп хабарлағанын мәлімдеді. Оқиға орнына түрлі қызметтердің өкілдері: полиция, құтқарушылар, ҰҚК қызметкерлері дереу барды.

Мамандар оқу орнының аумағын тексерді. ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, қауіп расталмады, жарылғыш заттар мен күдікті адамдар табылған жоқ.

«Полицейлер қоңырау шалушының жеке басын анықтады. Ол сол мектептің 5-сынып оқушысы болып шықты. Үрей тудырған әзіл оның отбасы үшін ауыр зардаптарға әкелді. Қазіргі уақытта көрінеу жалған хабарлама фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін ата-аналар жауапкершілікке тартылады», — делінген хабарламасында.

Полицейлер терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес мың АЕК (19,6 млн теңге) мөлшерінде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары түрінде жаза, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделгенін еске салды.

14 жасқа толған жасөспірімдер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сонымен қатар, кінәлілер шығындарды және осындай хабарлама келтірген барлық залалды өтеуі керек. Мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда залалды өтеу олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version