Маңғыстау облысындағы мектеп асханасында балалар уланған. Сол асхана қызметкерлерінің жалған санитарлық кітапшалары болғаны анықталды. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды CMN.KZ

2024 жылдың қыркүйегінде Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылындағы №8 мектептің 1-4 сынып оқушылары асханада жаппай уланды. Дәрігерлерге 450-ден астам адам жүгінді. Екеуі реанимацияға жатқызылған.

Улану фактісі бойынша ҚР ҚК 304-бабының 1-бөлігі «Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағанадай, желтоқсан айында мектеп асханасының төрт қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыларға айыппұл салынды.

«Көрсетілген тұлғалар жалған санитарлық құжаттарды пайдалану арқылы Мұнайлы ауданының № 8 орта мектептің тамақтандыру блогында жұмыс жасаған», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта «Оқушылар үшін тамақтану сапасы мен қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін» құқықтық база қалыптасқаны белгілі болды. Мектептердегі тамақтануға қатысты барлық үдерісер осы ережелер тізіміне бағынады. Тізімнің өзі «Білім беру мекемелеріндегі тамақтану стандарттары, санитарлық ережелер мен тамақтану нормалары, сондай-ақ оны ұйымдастыру ережелерінен» тұрады.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version