21 қаңтарда «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1150 шақырымында ЖКО орын алды. Жеті көлігі бар автожеткізілім кюветке құлап түсті, деп хабарлайды CMN.KZ
Ақмола облысының ПД хабарлағандай, алдын ала мәліметі бойынша, 37 жастағы «Iveco» жүргізушісі көктайғақ бар жолда автожеткізілімін басқара алмады. Нәтижесінде жүк көлігі кюветке құлады.
Автожеткізілім жеті жаңа жеңіл көлігін тасымалдаған. Полицейлер ауа-райына байланысты жол учаскесі жабылғанын айтты.
«Зақымдалған машиналарды тасымалдау үшін арнайы техника қажет болды. Трасса ашылғанға дейін автокөлік полиция қызметкерлерінің күзетінде болады», – деп толықтырды Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Жүк көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша «Көлік құралдарына зақым келтірген ЖҚЕ бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осыған дейін Павлодар облысында жол апатынан үш адам көз жұмды. Көлік жүргізушісі жолда қар тазалайтын көлікті басып озуға тырысты. Қарсы жолақта ол КАМАЗбен соқтығысқан.