Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында болған қайғылы оқиға полицияның батылдығы арқасында болдырылмады. Алтыншы қабаттан секірмек болған жас қызды полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды CMN.KZ.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға шұғыл қоңырау түскеннен кейін учаскелік инспекторлар оқиға орнына жедел жеткен.

«Пәтердің есігі ашық болды. Полицейлер ішке кіріп, терезе жақтауында отырған қызды ұстап үлгерді. Алдын ала деректер бойынша, қыздың бұл әрекетке баруына отбасындағы мәселелер себеп болған», — деп мәлімдеді министрлік.

Полицейлердің жылдам әрекет етуі нәтижесінде, қыздың өмірі аман қалды. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Айта кетсек, қыркүйектің соңында еліміздің ақпараттық күн тәртібінде жастар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері жиі айтылуда. Алматы қаласында биіктен құлау салдарынан болған қайғылы оқиғалар елді елең еткізген болатын.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version