Павлодардағы әйел екі баланы терезеден лақтырып, кейін өзі секірді. Науқас ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды CMN.KZ

Павлодар Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, дәрігерлер әйелдің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.

«Науқасқа операция жасалды: екі өкше сүйегінің остеосинтезі, сол және оң жақ иық сүйектерінің остеосинтезі. Ол 26 тамызда ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Денсаулық жағдайына байланысты оны одан әрі бақылау үшін мамандандырылған мекемеге ауыстырды», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 30 шілдеде Павлодарда Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Келген дәрігерлер екі кәмелетке толмағандарды облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

Бір жасқа толған кенже бала келесі күні – 1 тамызда қаза тапты. Үлкен жеті жасар бала ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.

Бұған дейін Павлодар облысының полиция департаменті әйелдің мамандандырылған медициналық мекемеде есепте тұрғанын хабарлады.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version