Балаларымен терезеден секірген павлодарлық ауруханадан шығарылды

Балаларымен терезеден секірген павлодарлық ауруханадан шығарылды
Сурет: depositphotos

Павлодардағы әйел екі баланы терезеден лақтырып, кейін өзі секірді. Науқас ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды CMN.KZ

Павлодар Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, дәрігерлер әйелдің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.

"Науқасқа операция жасалды: екі өкше сүйегінің остеосинтезі, сол және оң жақ иық сүйектерінің остеосинтезі. Ол 26 тамызда ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Денсаулық жағдайына байланысты оны одан әрі бақылау үшін мамандандырылған мекемеге ауыстырды", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 30 шілдеде Павлодарда Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Келген дәрігерлер екі кәмелетке толмағандарды облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

Бір жасқа толған кенже бала келесі күні – 1 тамызда қаза тапты. Үлкен жеті жасар бала ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.

Бұған дейін Павлодар облысының полиция департаменті әйелдің мамандандырылған медициналық мекемеде есепте тұрғанын хабарлады.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска