Бұған дейін білім Министрлігінде Қазақстанда цифрлық қауіпсіздікті арттыру үшін арнайы балалар SIM-карталары енгізілетіні туралы хабарланған болатын. Wi-Fi желісіне қосылған кезде шектеулер қолданылмайтыны белгілі болды, деп хабарлайды CMN.KZ

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде CMN.KZ сұрақьарына жауап беріп, балаларға арналған SIM-картасы арқылы қойылған шектеулер мобильді интернетті пайдаланған кезде ғана жарамды деп хабарланды.

«Wi-Fi желісіне қосылған кезде (мектептерде, үйлерде, қоғамдық орындарда) барлық интернет-трафик байланыс операторынан тыс өтеді және, сәйкесінше, SIM-картаға ешқандай шектеулер қолданылмайды. Wi-Fi кең қол жетімділігі SIM-карта арқылы сүзуді оңай айналып өтеді. Маршрутизаторларда ата-аналық сүзгілер болмаған жағдайда балалар желіге шексіз қол жеткізе алады», – делінген жауапта.

Министрлік қосымша жүйелік шараларсыз балалар SIM-карталарын енгізуді цифрлық қорғаудың толыққанды тетігі ретінде қарастыруға болмайтынын атап өтті.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version