Алматыда қарт жолаушы автобуста жасөспірім қызды ұрып, көзілдірігін сындырды, деп хабарлайды CMN.KZ.

6 желтоқсанда қалада мектеп оқушысы автобуста ұйықтап жатқанда, қарияның оны тебуінен оянады. Оқушы болған жайтты видеоға түсіріп үлгерген. Оның айтуынша, ер адам мас болған және бетіне соққы жасап, көзілдірігін сындырған.

Алматы қаласы полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Аталған оқиға бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Оның әрекетіне заңды баға беріледі».

Тұрғындардың наразылығын тудырған бұл оқиға Алматыда қоғамдық көлік мәдениеті мәселесін қайта көтерді.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version