Автор: Қаһар Бинахметов

Бразилияның астанасы сұмдық оқиға орын алды. Жоғарғы сот ғимараты мен депутаттар палатасы алдында екі бірдей жарылыс болды. Қайғылы оқиға кезінде бір адам қаза тапты. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қайтыс болған адамның өзі де осы лаңкестік әрекетті ұйымдастырған күдікті болып отыр, деп хабарлайды CMN.KZ G1 басылымына сілтеме жасап. Жергілікті басылымдардың дерегінше, алдымен сот ғимаратының жанындағы автотұрақта көлік жарылып, қатты дүмпу болған. Артынша, ер адам жарылғыш затты сот ғимаратына лақтырып, өзін жарып жіберген. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от UOL Notícias (@uolnoticias) Тергеу деректері бойынша, күдікті 2020 жылғы муниципалдық сайлауда Либералды партиядан кандидатурасын ұсынған, алайда сайлауда жеңіліс тапқан.

Read More

Түркістан облысындағы Созақ ауданының халқы желіде таралған бейнежазбадан кейін уранның радиациялық ағып кетуі туралы үрейге бой алдырды. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбада ТОО «Kazatomprom-SaUran» полигонында апат болып, радиоактивті уранның төгілгені айтылды. Бұл хабар қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырды, деп жазады CMN.KZ. Алайда, осы жағдайға қатысты түсініктеме берген өндіріс бойынша бас директордың орынбасары Азамат Рахманбердиев бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. «Біз күн сайынғы есептерді алып отырамыз, жағдай тұрақты, ешқандай ағып кету тіркелмеген. Бейнежазбадағы адамдардың киімі де біздің қызметкерлерге сәйкес келмейді», — деп нақтылады ол. Рахманбердиевтің айтуынша, бейнежазба көктемде немесе жазда түсірілген болуы мүмкін, себебі қазіргі полигондағы ауа райы мүлдем басқа. Айта кетейік, CMN.KZ…

Read More

2024 жылдың наурыз айында шекара қызметінің №28-74 бөлімшесінің подполковнигі Нұрқадам Керімқұловтың 14 жасар баламен жазысқан әдепсіз хаттары әлеуметтік желілерде таралып, елді дүрліктірді. Оқиға сол сәтте-ақ Жетісу аудандық полиция басқармасының назарына ілігіп, күдікті дереу қолға түсті. Кәмелетке толмаған баланың жыныстық тұтастығына қол сұғу айыбы тағылып, тергеу амалдары басталды. Осы шулы іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Алматы қалалық полиция департаменті бұл жағдайды бақылауға алып, тергеуді ҚР ІІМ Оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасына тапсырды. CMN.KZ тілшісі сұрау салып, тергеу нәтижелерін анықтады. «Арнайы мамандандырылған ауданаралық әскери соттың үкімімен Нұрқадам Керімқұлов 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыптау ҚР ҚК 122-бабының 1,2-тармағы, 124-бабының 3-тармағы және 118-бабының 1-тармағы…

Read More

Қазақстанның ең танымал киностудиясы «Қазақфильмнің» тағдырына қатысты сұрақтарға мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәжіліс кулуарында жауап берді, деп хабарлайды CMN.KZ. Министрдің айтуынша, киностудияны жабу жоспарда жоқ. Керісінше, оның жұмысын жалғастыру және дамыту – ұрпақ алдындағы міндет. «Біздің ұрпақтық парызымыз – бұл мекемені сақтап, оны әрі қарай дамыту. Мен өз сөздерімде бірнеше рет айттым: бүгінгі күні Мәдениет министрлігінің «Қазақфильмді» тікелей қаржыландыруға заңды негізі жоқ. Сондықтан біз қазір осы мәселені заң деңгейінде реттеу үшін нақты шаралар дайындап жатырмыз. Яғни, заңға киностудияның тікелей мемлекеттік тапсырмалар мен арнайы механизмдер арқылы қаржыландыру құқығын енгізетін норма қосамыз», – деп түсіндірді Балаева. Министрдің сөзінше, қазір «Казахфильм»…

Read More

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ брифингінде газ құбырының бұзылу оқиғасының ақыры қалай аяқталғаны туралы журналистерге баяндады, деп хабарлайды CMN.KZ. Айта кетейік, Ресей Федерациясының бес әскери көлігі 2024 жылдың қазан айының соңында Сайқын ауылына кіріп кеткен болатын. Газ құбырына зақым келген сәттің видеосы әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті. Өңір басшысының айтуынша, Ресей әскери техникаларының Қазақстан аумағынан өтуі халықаралық келісімге сәйкес жүзеге асырылған. «Ресей әскерилерінің полигонда оқу-жаттығулары жүріп жатқан уақытта, олар Сайқын ауылы арқылы өтуге мәжбүр болды. Апта бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан, жолдардың жағдайы нашарлап, тікелей ауыл орталығынан өтуге тура келді. Барлық маршруттар алдын ала келісілген еді. Өту кезінде…

Read More

Солтүстік Қазақстандағы Явленка ауылында қаралы күн туды. 2024 жылдың 11 қарашасында ауылдағы бір үйден түтін шығып, өрт сөндірушілер 53 жастағы әйелдің күйіп қалған денесін тапты. CMN.KZ хабарлағандай, өрттің артында жасырылған сұмдық қылмыс жатты. Тергеу нәтижесінде марқұмның өрттен бұрын қайтыс болғаны анықталды. 30 жастағы ұлы — Ресей азаматы — анасының өліміне күдікті ретінде ұсталды. Болжам бойынша, психикалық ауытқуы бар азамат анасын аяусыз сабап, ол алған жарақаттарынан көз жұмған соң, қылмыстың ізін жасыру үшін үйді өртеп жіберген. Еске салсақ, Тараз қаласындағы жалдамалы пәтерде екі әйелдің денесі табылып, Жамбыл облысында қос кісі өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Read More