Автор: Қаһар Бинахметов

Алматы облысында 14 қараша күні орын алған жол-көлік оқиғасы бүтін бір шаңырақты қара жамылтты. Түнгі мезгілде 18 жастағы көлік жүргізушісі төрт адамды қағып, оқиға орнынан ізін суытты, деп хабарлайды CMN.KZ. Жол апаты Есік қаласындағы Алтын адам аллеясында болды. Аллеяда бейқам серуендеп жүрген жаяу жүргіншілер бір сәтте оқыс оқиғаға тап келді. Ауыр соққының астында қалғандардың ішінде 16 жастағы жасөспірім қыз ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, 15 қараша таңында ол қыз жан тапсырды, — деп мәлімдеді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары дереу қолға алынды. Күдікті — жергілікті 18 жастағы бозбала —…

Read More

Солтүстік Қазақстанда қаралы оқиға орын алды: Татьяна Приходченконың отбасы түгелдей қатыгездікпен өлтірілді. Қанды оқиға 2023 жылдың желтоқсан айында Петропавлдың жұмысшы ауданындағы өз үйінде болған. Отбасының өліміне жерлеу қызметтері бизнесіндегі бәсекелестік себеп болған. Жақында сот үкімі шықты, бірақ Татьяна Приходченко шешіммен келіспей, әділдік сұрайды, деп хабарлайды CMN.KZ. Қылмыс кезінде үш адам айыпталды: Емельянов пен Орловқа қарақшылық пен үш адамды өлтірді деген айып тағылды. Сот Емельяновты өмір бойы бас бостандығынан айырды, ал Орлов 21 жыл 8 айға сотталды. Алайда Скоробогатоваға қатысты айып жеңілдетіліп, «аса ауыр қылмыс туралы хабарламау» бабына өзгертілді, ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Татьяна Приходченко қоғамға бейнеүндеу жолдап, сот…

Read More

Қарағанды облысында тағы да ауыр жол апаты орын алды. 15 қараша күні шамамен сағат 10:00-де Алматы-Екатеринбург тас жолында, Құрма ауылына 2 шақырым жетпей, «Тойота Альфард» автокөлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды CMN.KZ. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқаруды жоғалтып, нәтижесінде көлік аударылып кетті. Бұл қайғылы оқиға бір сәтте жеті адамның өмірін қиып кетті: жүргізуші мен алты жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы, 12 жастағы бала, ауыр жарақат алып, дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Қарағанды облысының полиция департаменті бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға болатындығын айтып, көлік…

Read More

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әділбек Төлебаев сот үкімімен алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады CMN.KZ. Шымкент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Қанат Сүлейменовтың хабарлауынша, ауданаралық сот шешімімен Төлебаевқа мемлекеттік қызметке өмір бойына тыйым салынған, сонымен қатар 42 миллион теңге айыппұл төлеу міндеттелді. Бұл іс бойынша тағы үш шенеунік жауапқа тартылды. Департаменттің кадр бөлімінің басшысы Гүлмира Тұрсынбаева 21 миллион теңге айыппұл алса, Шымкент бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Салтанат Махатова 9 миллион теңге айыппұлмен жазаланды. Ал пара беруші Сандуғаш Әшірбаева 12 миллион теңге айыппұл төлеуге міндетті болды. Олар департаменттің аудандық басқармасының жетекші маманы лауазымына жұмысқа орналастыру үшін…

Read More

Теміртау қаласының полициясына 63 жастағы зейнеткер әйел көмек сұрап келді. Қарт әйел өз банк шотынан екі миллион теңгенің жоқ болып кеткенін байқапты. Бар ақшасын жинап, болашаққа сақтап жүргенін тексермек болғанда, зейнеткер әйел бұл қомақты соманың ұшты-күйлі жоқ екенін көреді, деп хабарлайды CMN.KZ. Ұрлықтың болғанына он күн өтсе де, полиция күдіктіні жылдам анықтады. Ұрлыққа барған басқа емес, әжейдің туған немересі болып шықты. Жасөспірім бұл соманың басым бөлігін ойын-сауыққа, қажетсіз дүниелерге жұмсап үлгерген. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Read More

Қайырымдылықтың символындай көрінген Перизат Қайрат қазір күдіктінің орындығында отыр. Ол басқарған «BizBirgemiz Qazaqstan» қорының басшысы ретінде жиналған қаражатты су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу орнына, жеке басының пайдасына жаратыпты деген айып тағылды, деп жазады CMN.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) бұл істің ақ-қарасын тексеруге кірісті. ҚМА мәліметінше, 1,5 миллиард теңге көлеміндегі қайырымдылық қаржысы Перизат ханымның қолында талан-таражға түскен. 2024 жылдың көктемінде ол Астананың қымбат автосалондарынан Mercedes-Benz S450 (88 миллион теңге), Lexus LX-600 (80 миллион теңге) және Haval (39 миллион теңге) көліктерін сатып алған. Онымен тоқтамаған Перизат, сол кезде астаналық элиталық кешендерден — «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендерінен…

Read More