Автор: Қаһар Бинахметов

2024 жылдың басынан бері небәрі 30 адам Қазақстан азаматтығының бас тартқан, деп хабарлайды CMN.KZ. Елдің мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында бұл көрсеткіштің соңғы бес жылда тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын атап өтті. Оның мәліметінше, 2019 жылы азаматтықтан бас тартқандар саны 1,7 мыңды құраса, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114, 2023 жылы – 107, ал 2024 жылдың алғашқы он айында бұл көрсеткіш небәрі 30 адамды құраған. «Бұл дерек Қазақстан азаматтығының беделінің өскенін айқын көрсетеді. Ел азаматтығынан бас тартқысы келетіндердің азаюы – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен азаматтық институтының күшеюінің дәлелі», – деді…

Read More

Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Александр Мостовой Қазақстан футбол құрамасы мен оның бас бапкері Станислав Черчесов туралы пікір білдірді. Ол Черчесовтың жақында қызметінен босатылып, Ресейге қайта оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды CMN.KZ. «Гвардиола да, Черчесов та Қазақстан құрамасымен жеңіске жете алмас еді. Станислав қайда бара жатқанын және нәтижесі қандай болатынын білген. Қазақтар маған ренжімесін, бірақ олар ештеңе жеңбеген және жеңбейді де. Егер жаңа Месси пайда болса, жағдай басқаша болар еді», — деді Мостовой «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында. Ол Черчесовқа дейін Қазақстан құрамасының Магомед Адиевтің басқаруында жақсырақ ойнағанын да атап өтті. «Қазір гол да соға алмайды. Станиславты жақын арада қызметінен босатып,…

Read More

Павлодардағы ірі өндірістік кәсіпорын рейдерлік шабуылға ұшырады. Бұл іске қылмыс әлемінің серкесі ретінде танылған күдікті қатысқан. 4 қарашада Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, оны арнайы операция барысында қолға түсірді, деп хабарлайды CMN.KZ. Заңсыз әрекеттері нәтижесінде кәсіпорын иелеріне 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен екі айға қамауға алынды. Қазір оның басқа да рейдерлік шабуылдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Әсіресе, жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын және жылжымалы мүліктерін тартып алу деректері мұқият зерттелуде. Соңғы жылдары елімізде қылмыстық топтарға қарсы «тазалау» шаралары белсенді жүргізілуде. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен рейдерлік әрекеттерді түбегейлі…

Read More

Семейдің бір дүкенінде болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода дүкенге келген ер адам екі банка сыраны алып, ақысын төлеуден бас тартқаны байқалады, деп хабарлайды CMN.KZ. Сатушы оған қарсы тұрып, тауарды қайтармақшы болғанда, ер адам оған күш қолданып, төбелес шығарады. Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл жетіп, «Сергек» жүйесінің көмегімен күдіктінің жеке басын тез арада анықтаған. Артынша 44 жастағы азамат қолға түскен. «Ер адамның әрекеті күш қолданумен бірге жасалған тонау ретінде бағаланды. Бұл әрекет үшін қылмыстық кодекс бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Read More

Алматы облысындағы Шонжы ауылының маңындағы шипалы бұлақ екі компанияның, «Жайнак Ко» мен «Казрос-Агро»-ның таласына түсті. Екі жақ бір-бірін айыптап, іс сотқа жетті. Дауға белгілі саясаткер, мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың да аты ілініп отыр, деп жазады CMN.KZ. Бұл оқиғаның бастауында 2006 жылғы желтоқсан айындағы келісім жатыр. Сол кезде «Жайнак Ко» компаниясы мен Энергетика министрлігі арасында жер асты суларын өндіру туралы 25 жылдық келісімшарт жасалды. Осы келісімге сәйкес, компания Карадалинск кен орнындағы №1699/13 ұңғымасын пайдалану құқығына ие болды. Алайда, бір жыл өткенде, Ұйғыр ауданының әкімдігі №1599 ұңғымасына жер телімін «Казрос-Агро» компаниясына 49 жылға уақытша пайдалануға береді. Бұл ұңғыманы сол кездегі иесі, марқұм…

Read More

Қазақстанның айырбастау пункттерінде доллар бағамы шарықтап, 500 теңгеден асып түсті. 18 қараша күні Қазақстандық қор биржасында (KASE) доллар мен еуро саудасы жүргізілмеді, деп хабарлайды CMN.KZ. Еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау орындарының бағамына көз жүгіртсек, жағдай айтарлықтай күрделі: Алайда бірнеше сағат өткен соң, бағам сәл ғана төмендеді. Бірақ бұл халықты тыныштандырмады. Қазір жұртшылық курс бағасының одан әрі өсуінен алаңдап отыр. Ресми бағамдар өзгеріссіз қалды Ұлттық банктің 18 қарашадағы ресми мәліметі бойынша: Естеріңізге сала кетейік, 14 қарашада доллар тағы да қымбаттап, теңге әлсірей бастады. 17:00-дегі жағдай бойынша, доллар 1,82 теңгеге қымбаттап, орташа есеппен 494,04 теңгені құрады. Неге доллар күшейіп барады? Ұлттық банктің түсіндіруінше,…

Read More