- Атырауда сібір жарасына байланысты базар карантинге жабылды
- Жаңа жылда демалыс қалай болады?
- Даму қоры: кәсіпкерлер сенімі мен шығындары
- Алматыда автобус тексерушісіне пышақ ала ұмтылды
- Қазақстандықтарға Украинадан кету ұсынылды
- Белдікпен тұншықтырып, бет-әлпетін зақымдады: Ақтөбедегі қылмысқа 22 жыл жаза
- Қазақстан азаматтығынан 30 адам бас тартты
- Қазақтар ештеңе жеңбейді – Александр Мостовой
Автор: Қаһар Бинахметов
Атырауда мал базарында сібір жарасы анықталып, базар аумағында карантин жарияланды, деп жазады CMN.KZ. «Мой Город» ақпаратына сүйенсек, 24 қазанда «АсылАгро» шаруашылығына әкелінген сиыр карантиндік аймаққа орналастырылған. Алайда 12 қарашада малдың өлімі тіркелген. Малдың өлімінен кейін алынған сынамалар сібір жарасының белгілерін растады. Осыған байланысты 20 қарашада шаруашылық аумағына толық карантин енгізілді. Мал сою цехы уақытша жабылып, барлық аумақ дезинфекциялаудан өтуде. Ветеринар мамандар шұғыл шаралар қабылдап, малдарды вакциналау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет базардағы барлық қызметкерлер мен байланыста болған адамдарды тексеруде. Аймақтық ветеринариялық зертхана базардағы ет өнімдеріне қосымша сынама алуды бастады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күндерін реттеу туралы бұйрық дайындады, деп хабарлайды CMN.KZ. Министрліктің мәліметінше, 5 қаңтардағы жексенбі күнгі демалыс 3 қаңтардағы жұма күніне ауыстырылатын болады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін қатарынан төрт күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасы барлар 1-3 қаңтар аралығында үш күн ғана тынығады. Министрлік бұл шешімнің басты мақсаты – еңбек уақытын тиімді жоспарлап, азаматтарға демалыс үшін қолайлы жағдай жасау екенін атап өтті.
«Даму» қоры – кәсіпкерлердің үлкен үміт артатын негізгі қаржы институттарының бірі. Алайда, 2024 жылдың тамызынан бері бұл қордан қолдау күткен мыңдаған кәсіпкер ауыр жағдайға тап болды. Субсидия төлемдері тоқтап, бизнес шығынға белшесінен батуда. Көптеген кәсіпорындар өздерінің қаржылық міндеттемелерін толық өздері өтеуге мәжбүр. Осылайша, бұрын «Даму» қорының көмегімен еңсесін тіктеген бизнес өкілдері қазір тығырыққа тіреліп отыр, деп жазады CMN.KZ. Алматы қаласындағы кәсіпкер Данира Мұхамедиярова – «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында «Даму» қорымен ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан азаматшалардың бірі. Алайда тамыз айында оның үміті үзілгендей болды. Қор субсидия төлемдерін тоқтатып, кәсіпкер 8 миллион теңгеден астам шығынға батты.…
21 қараша таңертең Наурызбай ауданындағы автобус аялдамаларының бірінде жантүршігерлік жағдай орын алды. Бір ер адам автобус тексерушісіне асүй пышағымен шабуыл жасады, деп хабарлайды CMN.KZ. Полицияның мәліметінше, оқиға темекі шегуге байланысты жанжалдан басталған. Автобус тексерушісі аялдамада темекі шегіп тұрған ер адамға ескерту жасаған. Бұл ескертуден кейін екеуінің арасында қызу сөз таласы басталып, ашуға булыққан ер адам автобустың ішіне қарай жүгіріп, тексерушіге пышақ салған. «Зардап шеккен азаматқа шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем бригадасы оны ауруханаға жеткізді. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты деп бағалануда», — деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысынығ бірінші орынбасары Қуатбек Науатов. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. 38…
Украинадағы Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, мүмкіндігінше елден шығуды ұсынды, деп жазады CMN.KZ. Әсіресе, қарулы қақтығыстар мен әуе шабуылдары белсенді жүрген аймақтардан аулақ болуға кеңес берілді. «Әуе дабылы еленбей қалмауы тиіс. Әрбір азамат дереу баспанаға барып, ресми билік өкілдерінің ұсыныстарын бұлжытпай орындауы керек», – делінген хабарламада. Украинадан Қазақстанға оралу үшін азаматтарға Польша мен Молдова арқылы жерүсті жолдарын пайдалануға болады. Польша арқылы өтуді жоспарлағандарға шенген визасы қажет, ал Молдова арқылы кіруге виза талап етілмейді. Елшілік азаматтарға қажетті көмек көрсету үшін арнайы байланыс нөмірлерін ұсынды: Консулдық бөлім: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031. Шұғыл желі: +38(067) 3470408.
Ақтөбе облысында әйелді өлтіріп, алтын алқасы мен «Toyota Camry» көлігін ұрлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Сот айыпталушыны қылмысын толық дәлелдейтін деректер негізінде 22 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды CMN.KZ. Соттың мәліметінше, ер адам жәбірленушіні көлікте қауіпсіздік белдігімен тұншықтырып, оның өмірін қиды. Әйелдің айқайы мен көмек сұрауына қарамастан, қылмыскер оны тұншықтыруын тоқтатпаған. Әйел ес-түссіз қалғаннан кейін, оның алтын алқасын (150 мың теңге тұратын) және көлігін иемденген. Қылмыс ізін жасыру мақсатында, қылмыскер жәбірленушінің бет-әлпетін пышақпен зақымдап, денесін жол бойындағы бұталардың арасына тастап кеткен. Ол жәбірленушінің көлігімен оқиға орнынан қашып кеткен. Сотта айыпталушының кінәсі куәгерлердің көрсетпелері, сот-медициналық сараптама нәтижелері, айғақ…
Отправь свою новость
Есть чем поделиться?
Пришли свою новость на наш e-mail: info@cmn.kz
Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания № KZ81VPY00086938 от 02.02.2024.