Астанада қазақ тілінің тегін курстары басталды. Елорданың барлық кәмелетке толған тұрғындары оқудан өте алады, деп хабарлайды CMN.KZ
Астанада мемлекеттік тілінің тегін курстарына жазылу басталды. 18 жасқа толған барлық тілек білдірушілер курсқа бара алады. Одан басқа жас шектеулері жоқ.
Елордалық әкімдікте нақтыланғандай, курстарға қатысуға өтінімдер 13-31 қаңтар аралығында қабылданады. Өтінім беру үшін Бейбітшілік көшесі 9, екінші қабат, 209 кабинет мекенжайы бойынша жеке куәлікпен келу қажет. Осыдан кейін келісім-шартқа қол қойып, тіл деңгейін анықтау тестінен өту керек. Нәтижесінде мұғалімдер топтарды құрып, сабақ кестесін құрады.
Курстардың өзі үшінші ақпан күні басталады. Оларды «Рухани» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізетін болады. Оқу төрт айға созылады. Курс аяқталғаннан кейін барлық білім алушыларға сертификаттар беріледі.
Толығырақ ақпарат алу үшін мына нөмірге хабарласуға болады: 8 7172 24 90 52.