Ақтөбе облысының бір ауылында жасөспірімдер арасындағы жанжал адам өліміне әкеліп, екі азаматқа ауыр жаза тағайындалды: біреуіне 18 жыл, екіншісіне 15 жыл бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды, деп хабарлайды CMN.KZ.

Оқиға биылғы 2 қаңтар күні Ақжар және Қызылжар ауылдарының жастары арасында төбелеспен басталды. Бір топ жігіттердің жанында пышақ болған. Сол қару жасөспірімнің қос аяғын жаралап, негізгі күретамырын зақымдаған. Жас жігіт ауруханада көз жұмды.

Төбелес кезінде тағы бірнеше адам жарақат алған. Олардың бірі арқасынан пышақ жарақатын алып, ауыр халде қалды. Дәрігерлердің дер кезінде көмегі оның өмірін сақтап қалды, ал басқа қатысушы қолынан жараланған.

Сот шешімімен топтық жанжалға қатысқандардың төртеуіне бұзақылық үшін төрт жыл түрмеге жабу жазасы берілді. Ал адам өлтірді деп айыпталған екі азамат 15 және 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енбеген.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version