Полиция хабарлағандай, көлікттің транзиттік нөмірлер болған. Оның иесі екі айдың ішінде 100 реттен астам бұзышылық жасаған, деп хабарлайды CMN.KZ
Патрульдік полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде «Автоураган-МС» бағдарламасы арқылы транзиттік нөмірлері бар Subaru көлігін анықтады. Оның иесі жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін 113 рет бұзған. Сонымен қатар, бұзушылықтардың көпшілігі жылдамдық режимінен асып түседі.
«Жүргізушіге қатысты жалпы сомасы 3,2 млн теңгеге ұйғарым шығарылды, Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды», – деп нақтылады Ақтөбе полициясы.
Осыған дейін Қарағанды облысында автобус жүк көлігіне соғылғаннан адам қаза тапты. Қарағанды – Теміртау тас жолында ЖКО орын алды. Автобус ірі жүк көлігінің кузовқа соғылды. Соққыдан автобус кабинасының оң жағы мыжылды.