Алматыда ресейлік басқарған интернет-алаяқтық жөніндегі call-орталық анықталды. Компанияда 24 қазақстандық оператор болып жұмыс істеген. Олардың кеңсесі қаланың ірі бизнес орталықтарының бірінде болды, деп хабарлайды CMN.KZ
Call-орталықтың қызметкерлері жәбірленушілерге белгілі бір алгоритм бойынша қоңырау шалып, оларға криптовалютаға инвестиция салуды ұсынды. Олар ақша аударғаннан кейін клиенттердің нөмірлері бұғатталды.
«Жедел іс-шаралар барысында ірі бизнес-орталық кеңселерінің бірінде Ресей азаматы Call-орталық орталығын жұмысын ұйымдастырған және Қазақстанның 24 азаматын жұмысқа орналастырғаны анықталды. Олар әлеуетті клиенттерге қоңырау шалып, криптовалютаға инвестиция салу ұсынысымен айналысқан, қолма-қол ақшаны крипто шоттарына аударғаннан кейін жәбірленушілердің қоңырауларына тосқауыл қойған», – деп хабарлайды ҚР баспрокуратурасы.
Нәтижесінде әртүрлі GSM-шлюздер мен «Sim-Box», анонимді қоңырау шалуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған компьютерлер мен басқа да жабдықтардың 60 бірлігі тәркіленді.
Сондай-ақ, дайын сценарийлері бар дәптерлер тәркіленді, онда мінез-құлық алгоритмі және клиенттермен қалай жұмыс жасау керек екені көрсетілген (оларңа не айту, өзін қалай ұстау керек, аға менеджерлерге ауысу және т.б.).
Іс жүзінде алаяқтық туралы сотқа дейінгі тергеу басталды, жәбірленушілер мен келтірілген залал анықталуда.
Осыған дейін БҚО-да алаяқ құрылысшылардың айласы әшкере болды. Сот барысында прокурор жалған құрылыс компанияларының азаматтардан ақша алудың айлакерлік схемаларын қолданып, үйлер салуды көздемегенін дәлелдеді.