Әлеуметтік желілерде Алматыдағы аулалардың бірінде түсірілген бейнебаян пайда болды. Кадрларда қыз қозғалыссыз қарда жатыр. БАҚ хабарлағандай, ол өз өмірін қиды, деп хабарлайды CMN.KZ

Almaty Life telegram-арнасында «Комфорт Сити» ТК ауласында түсірілген бейнебаян жарияланды. Хабарламада 25-35 жасар қыз 18 қабаттан секірген деп болжанған. Бұл таңғы сағат алты шамасында болды.

https://cmn.kz/wp-content/uploads/2025/03/img_3617.mp4
Бейнебаян: Almaty Life

Алматы полиция департаменті бұл оқиғаға түсініктеме берді:

«Бұл факт бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалды. Мотив пен мән-жайлар белгіленуде».

Осыған дейін Қарағандыда әріптесін өлтірген ер адам өзіне қол жұмсамақ болды. 4 желтоқсанда қожалық аумағында әріптестер арасында жанжал туындап, ер адам әйелді ұрып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсамақ болған. Бірақ бұл әрекеті сәтсіз аяқталды.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version