Қарағанды облысындағы «Дидар» шаруа қожалығында орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды CMN.KZ.

4 желтоқсанда қожалық аумағында әріптестер арасында жанжал туындап, ер адам әйелді ұрып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсамақ болған. Бірақ бұл әрекеті сәтсіз аяқталды.

Марқұм әйел шаруа қожалығында аспаз болып жұмыс істеген. Оның денесі қожалық ғимараттарының бірінен табылып, полицияға хабарланды.

«Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, әйелдің өлімі асқазан ішіндегісінің тыныс жолдарына кетуінен асфиксияға әкелген. Денесінде ешқандай жарақаттар анықталмады», – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары істі тергеп, барлық жағдайларды анықтауда. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version