Алматыда 622 орынға есептелген электромобильдерді қуаттауға арналған бекеттерін салу үшін 311 жер учаскесін бөлінді, деп хабарлайды CMN.KZ
Бекеттер мегаполистің танымал орындарында орналасады: базарлар, кафелер, саябақтар және басқа да қоғамдық кеңістіктердің жанында. Оларды 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
«Қазіргі таңда Алматыда 300-ден астам электр қуаттау бекеті жұмыс істеп тұр. Бұл жоба 2029 жылға дейінгі электр көліктер инфрақұрылымын дамыту жөніндегі «жол картасы» аясында жүзеге асырылып жатыр және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған», – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
Бекеттерді байқаудан өткен отандық инвесторлар орнатады.
2025 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша Алматыда 8 385 электр көлігі тіркелген – бұл өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға көп.