6 желтоқсан күні әлеуметтік желілерде Алматының Орталық мешітінде өткен жұма намазы кезінде кейбір азаматтардың намазды көше бойында оқығаны түсірілген бейнематериал тарады, деп хабарлайды CMN.KZ.

Жолдың жартылай жабылуы тұрғындар арасында пікірталас туғызып, 10 желтоқсан күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.

ҚМДБ өкілдерінің мәліметінше, жұма намазы кезінде мешіт аумағына барлық жамағат сыймаған. Сондықтан намаздың бес минуттық бөлігін мешіттің оң жақ бөлігінде, Мәншүк Мәметова көшесінің бойында оқуға тура келген. Алайда ислам ережелеріне сәйкес, жолда намаз оқуға тыйым салынған.

«Жол бойында жедел жәрдем, өрт сөндіру көлігі немесе жұмысқа асыққан адам болуы мүмкін. Жолды жабу арқылы намаз оқудың зияны үлкен, себебі бұл басқа адамдарға кедергі келтіреді. Сондықтан, жамағаттан өтінішіміз — мешітке ертерек келіп, арнайы орындарда отырыңыздар, жолдарды жаппаңыздар және көліктеріңізді белгіленген тұрақтарға қойыңыздар», — деп мәлімдеді ҚМДБ.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version