Алматыда жарнамалық баннерді орнату кезінде өнеркәсіптік альпинист биіктіктен құлап, қайғымен аяқталды, деп хабарлайды CMN.KZ.
Оқиға 3 желтоқсан күні күндізгі уақытта орын алған. «ДДК-Экстрим групп» ЖК-нің 26 жастағы қызметкері Төле би көшесіндегі «Assem Plaza» тұрғын үй кешенінің 16-қабатты ғимаратының қасбетіне жарнамалық баннерді орнатып жатқан. Жұмысын 12-қабат деңгейінде атқарып жатқан кезде ол кенеттен құлап, 2-қабаттағы балконға түскен.
Ауыр жарақаттар салдарынан альпинист оқиға орнында жан тапсырды. Қазір осы жағдайға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл оқиға қауіпсіздік шараларының қаншалықты сақталуын қайта қарауға себеп болып отыр.