Жоғары аудиторлық палатада 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап білім беру, денсаулық сақтау және қаржы саласындағы бірқатар квазимемлекеттік ұйымдарды қаржыландыру тетіктерін қатаңдату ұсынылды, деп хабарлайды CMN.KZ
Республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінен кейін Бюджет кодексіне өзгерістер енгізіле бастады.
Жыл сайын бюджеттен «Назарбаев университеті» және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және басқа да бірқатар ұйым қаржыландырылады.
«Аудиторлар үкіметке қаржыландыру тәсілін өзгерту мүмкіндігін қарауды ұсынды, өйткені қолданыстағы механизм мемлекет активтерінің өсуіне ықпал етпейді (заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарының ұлғаюы жоқ) және қаражатты жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз етпейді», – деп хабарлады Жоғары аудиторлық палатасында.
Нәтижесінде жаңа Бюджет кодексінде нысаналы салымдар мен аударымдар көмегімен қаржыландыруды көздейтін нормалар алып тасталды. Оның орнына заңды тұлғаларға берілетін трансферттер енгізіледі.
Трансферттер оларды алуға үміткер ұйымдар өздерінің стратегиялық құжаттарында нақты нәтижелерді жоспарлаған жағдайда бөлінетін болады.
Мемлекеттік органда атап өткендей, трансферттер оларды алуға үміткер ұйымдар өздерінің стратегиялық құжаттарында нақты нәтижелерді жоспарлаған жағдайда бөлінетін болады.
«Трансферттер алатын заңды тұлғалардың бірінші басшылары мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, өздерінің ұзақ мерзімді стратегияларында және тиісті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында айқындалған нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады», – деп қосты ҚР ЖАП баспасөз қызметінде.
Сонымен қатар олар қаражатты пайдалану туралы есептердің негізділігі мен дұрыстығына жауап береді.
Бұл ретте ұйымдар жұмсамаған ақшаны бюджетке қайтаруға тиіс. Бірақ заңда көзделген жекелеген жағдайлар бар.