Нәрестені көптеген жарақаттарымен ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды CMN.KZ
Оқиға 22 сәуір күні Қарағанды қаласының 13 шағын ауданында орын алған. Бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен 2023 жылы туған бала құлап түсті. ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, бала үйде ересектердің қарауынсыз жалғыз болған.
Ата-аналарға мұндай жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектесетін ережелер туралы еске салынды:
- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз;
- балалар бар пәтерлердегі терезелерді арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз;
- баланың терезені өздігінен ашуына жол бермеу үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз;
- ешқашан москит торларына сенбеңіз – балалар оларға сүйеніп, олармен бірге құлап кетуі мүмкін;
- баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін барлық жиһаздарды терезелерден алыстатыңыз.