Қазақстанда еліміздегі реверсивті қозғалысы бар алғашқы үш жолақты жол салынады. Ол Ақмола облысында – Көкшетаудан Зеренді курортына дейін жерде болады, деп хабарлайды CMN.KZ
Қазір бұрын жұмыс істеп тұрған тас жолында орташа жөндеу жұмыстары басталады. Олардың барысында жол бөлігі жетіден 11 метрге дейін кеңейтіледі. Бұл жолда үш жолақ бойынша трафикті ұйымдастыруға мүмкіндік береді, олардың бірі кері болады.
«Бұл жолдың өткізу қабілетін арттырып, жол-көлік оқиғаларын алдын алуға мүмкіндік бермек. Әсіресе жазғы маусымда қозғалыс қарқындылығы артқан кезде туристер мен жергілікті тұрғындар үшін бұл жол ыңғайлы әрі қауіпсіз болады деп күтілуде», – деп түсіндірді Көлік министрлігініде.
Естеріңізге сала кетейік, Зеренді курорттық аймағы еліміздің ең танымал туристік бағыттарының қатарына кіреді, Ол жыл сайын Қазақстаннан және жақын шетелден мыңдаған демалушыларды тартады.
Жалпы, 2025 жылы мемлекеттік орта жөндеу бағдарламасы аясында Республикалық маңызы бар жеті мың шақырым жолды жаңарту жоспарлануда. Тізімде Рахманов қайнары, Алакөл, Қайыңды мен Көлсай көлдері, Баянауыл, Кендірлі, Қорғалжын қорығы және Имантау-Шалқар курорттық аймағы сияқты туристік объектілерге апаратын учаскелер бар.