Көз жұмған Алдан Алиев 36 жаста болған. Апат оқу-жаттығу сабақтары кезінде орын алғын, деп хабарлады CMN.KZ аймақ полиция департаментінде
Департаментте басқа мәліметтер нақтыланбаған.
«Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрам оқу-жаттығу взводының аға инспекторы, полиция майоры Алдан Жұмажанұлы Алиевтің отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады», – делінген хабарламада.
ІІМ басшысы Ержан Саденов оқиғаға қатысты көңіл айтты. Ол полиция департаменті марқұмның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсететініне сендірді.
«Оқиға орнына менің орынбасарым басқаратын комиссия жіберілді. Тергеу барысы бақылауда», – деп қорытындылады Ержан Саденов.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған патрульдік полиция қызметкері Шалхар Байжомартовты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады. Лейтенант Алматы облысында ЖКО тіркеу кезінде қаза тапты.