Қазақстанның ірі компаниялар 17 млрд теңге салық төледі. Оның ішінде BI Group және BAZIS компаниялары төлем жасады, деп хабарлайды CMN.KZ
Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі нақтылағандай, талдау қорытындысы бойынша 633 салық төлеушіге, оның ішінде құрылыс саласында 172 жұмыс істейтіндерге, оның ішінде барлық ірі құрылыс салушыларды және сауда саласында 102-ге және өзге компанияларға салық салынатын табыстың төмендеу белгілері бар хабарламалар жіберілді.
«12 наурыздағы жағдай бойынша салық төлеушілер қосымша есептілік нысандарын тапсырып, салықтарын толықтыруда. Қазіргі таңда 17 млрд теңге төленді, оның ішінде BI Group және BAZIS компаниялары да өз төлемдерін жүзеге асырды. Деректерді салыстыру жұмыстары жалғасуда», – делінген хабарламада.
Бұдан басқа, жекелеген ірі құрылыс компаниялары МКК-мен бірлесіп қаржы ағындарының ашықтығы және құрылыс саласындағы көлеңкелі схемалардың жолын кесу үшін цифрлық шешімдерді әзірлеу туралы бастама көтерді.