Прокурорлар жеті педагогтың кәсіптік даярлықтан өту жалған куәліктерін тапты, деп хабарлайды CMN.KZ
Тексеру Бейнеу ауданында жүргізілді. Одан кейін педагогтардың бірі Алматы SDU университетінде «Педагогика-логопедия» мамандығы және «Логопед-дефектолог» бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлік сатып алғаны белгілі болды.
Жалған құжатты қолдана отырып, мұғалім педагог-психолог ретінде жұмысқа орналасты.
«Ұқсас деректер, аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды. Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен 7 педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды», – деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Мұғалімдерге айыппұл салынды.
Бұған дейін Астанадағы №32 гимназияның тарих пәнінің 43 жастағы мұғалімі жетінші сынып оқушысын азғырды деп айыпталды. Бұл ақпаратты Астана қаласы полиция департаменті растады