Қазақстандыққа елден 210 литр бензин шығаруға әрекет жасағаны үшін айыппұл салынды. Оған 73 мың теңге төлеуге тура келеді, ал отын мемлекет кірісіне тәркіленді, деп хабарлайды CMN.KZ
Іс Жамбыл аудандық сотында қаралды.
«Сот анықтағандай, азамат К. Тараз қаласы — Қырғыз Республикасының Талас қаласы бағыты бойынша «Setra 215 HD» автобусында ілеспе жүкқұжатсыз 210 литр мөлшерінде АИ-92 бензинін тасымалдаған», – деп түсіндірді сот.
Ер адам жасалған құқық бұзушылықты толықтай мойындады. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Бұған дейін іздеуде жүрген Ақтау әкімінің бұрыңғы орынбасары Тимур Садвақасовты мемлекеттік шекарадан заңсыз өту тырысқан кезде Өзбекстан шекара қызметкерлері ұстады.