Алаяқ адамдарға шипажай жолдамаларды қайта сату үшін бірлескен бизнеске инвестиция салуды ұсынды және алдап 66,5 млн теңге алды, деп хабарлайды CMN.KZ
Елорда соттың хабарлауынша, астаналық бірлескен бизнес сылтауымен серіктерсті алдап, 16,5 млн теңгені алған. Бизнес шипажайларға жолдамарларды сатып алу және үстеме бағамен сату болды. Кейінірек ол басқа адамды дәл осы жолмен 50 миллион теңгеге алдады.
Сотталушымен медиативтік келісім бектіліуіне байланысты, жәбірленушілер азаматтық талап қойған жоқ. Айыпталушы кінәні толық мойындады.
«Сот алаяқты ҚР ҚК 190 бабы 4 бөлігі 2 тармағы бойынша «Бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны» үшін кінәлі деп таныды және ол бұрын сотталмағанын, екі жас баласы бар екенін ескере отырып, алты жылға бас бостандығынан айырды» , – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Алматыда ресейлік басқарған интернет-алаяқтық жөніндегі call-орталық анықталды. Компанияда 24 қазақстандық оператор болып жұмыс істеген. Олардың кеңсесі қаланың ірі бизнес орталықтарының бірінде болды.