Үкімет отырысында Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Алматы әуежайынан Алатау қаласына дейін жүретін әуе көлігінің жақын арада іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ
Министрлігінің мәліметінше, бұл сутегінде жұмыс істейтін және бес адам тасымалдауға арналған үнсіз тікұшақтар. Мұндай технологиялар АҚШ пен Оңтүстік Кореяда белсенді дамып келеді.
«Қазақстандық компаниялардың бірі аэромобиль саласын дамытуға қызығушылық танытты. Қазір біз осы технологияны Қазақстанда пилоттық қолдану мүмкіндігін пысықтап жатырмыз. Бірінші кезең-Алматыдан Алатау қаласына дейінгі маршрут. Мәселені қазақстандық кәсіпкерлермен талқылап жатырмыз», – деді министрлік басшысы.
Мәдиевтің айтуынша, әуе көлігі 2026 жылы пилоттық режимде іске қосылады.
Алғаш рет Алатау мен Алматы арасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үшін аэромобильдерді енгізу туралы вице-премьер Қанат Бозумбаев 2024 жылы қарашада мәлімдеді.