Еліміз ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 58 отырысы аясында ниетін растады, деп хабарлайды CMN.KZ
Мұнай өндіруді ұлғайту Теңгіз кен орнын кеңейту жөніндегі жобаны іске қосылуына байланысты. Бұл ретте Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде міндеттемелерді сақтаудың маңыздылығын растайды және халықаралық құқық шеңберінде әріптестермен келіссөздер жүргізетін болады.
«Қазақстан 2025 және 2026 жылдары өз міндеттемелерін орындау және 2024 жылға артық өндірісті өтеу үшін қажетті шараларды қабылдайды», — делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.
2024 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен ОПЕК + елдері мұнай өндіруді қосымша ерікті қысқарту бойынша келісімді ұзартты.