Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында алғашқы атом электр станциясының құрылысын жеделдету керектігін айтты. Бұл өсіп келе жатқан энергия тапшылығына байналысты, деп хабарлайды CMN.KZ-тың тілшісі
Сондай-ақ, ол Үкіметке «Самұрық-Қазына» компаниясымен бірлесіп атом саласын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеуді тапсырды.
«Энергия тапшылығы артып келеді. Сондықтан алғашқы АЭС құрылысын тездету қажет. Жалпы елімізде ядролық кластер құру ісін қолға алу керек. Бұл еліміздің болашақта ойдағыдай дамуына қатысты аса маңызды міндет. Бізге екінші АЭС өте қажет, елімізге атом энергиясы қажет. Онсыз Қазақстан дами алмайды. Бұл экономиканың дамуын ынталандырып, халықтың әл-ауқатын арттырады», – деп айтты мемлекет басшысы.
Үкімет пен Парламент екінші атом станциясының ықтимал құрылыс алаңдары туралы ойлануы керек.
«Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, атом саласын дамытудың ұзақ мерзімге арналған жоспарын әзірлеуді тапсырдам. Нақты нәтиже керек. Жан-жақты талдау жүргізіп, атом электр стансыларын салуға барынша қолайлы жерлерді, сондай-ақ заманауи және қауіпсіз технологияларды анықтау қажет», – деп атап өтті президент.
Бұған дейін үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов екінші атом электр станциясын салу үшін орын жақын арада анықталатынын мәлімдеді.