Қазақстандық Юлия Галышева АҚШ-тағы әлем кубогы кезеңінің суперфиналына шықты. Американдық Вотервилде могул пәнінде фристайл бойынша тағы бір кезең жалғасуда, деп хабарлайды CMN.KZ
ҚР Туризм және спорт министрлігі хабарлағандай, еліміздің атынан қатысқан Юлия Галышева жеке жарыстардың суперфиналына өтіп, алтыншы позицияда 71,06 балл нәтижесімен өнер көрсетті.
Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасының қалған мүшелерінің нәтижелері белгілі болды:
- Әйелдер арасында: Анастасия Городко-9-орын, Аяулым Әміренова-26-орын;
- Ерлер арасында: Павел Колмаков-21 орын, Антон Бондарев-39 орын, Федор Бугаков-43 орын.
Сонымен қатар, бүгін, жарыстың екінші күні параллель могулда финал өтеді.