Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері кәсіпорындардың азық-түлік тауарларының бағасын көтерудің 817 фактісін анықтады. Олар мекемелердің қызметіне араласпай IT-құралдарды пайдаланды, деп хабарлайды CMN.KZ
ҚМА баспасөз қызметі хабарлағандай, жүргізілген жұмыс нәтижесінде 69 тиімсіз делдал шеттеліп, 600 әкімшілік хаттама толтырылды, 11 млн теңге айыппұл төленді.
Сондай-ақ, 685 ұйымның мемлекеттік сатып алу шарттары қайта қаралды, бұл 370 млн теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді.
«Ақтөбе облысының 80 балабақшасында ҚМА Департаменті қабылдаған шаралары нәтижесінде қарақұмықтың, картоптың, сәбіздің, қанттың, жұмыртқаның және тұздың бағасы төмендетілді. Мәселен, бір кәсіпкер балабақшаға қарақұмықтың бағасын 500%-дан астам көтеріп жеткізіп берген», — делінген хабарламасында.
Сонымен қатар, Қостанайдағы әлеуметтік мекемелер қарақұмық, қант, пияз, картоп және жұмыртқаны 180% дейін үстемақы қосып, сатып алды.
Қаржы мониторинг агенттігі араласқаннан кейін өңірдің барлық мемлекеттік мекемелерінде қосымша келісімдер жасалды, нәтижесінде 60 млн теңгеге жуық үнемделді. Осыған ұқсас жұмыс Астана мен Қарағанды облысында 175 балабақша бойынша жүргізіп, 100 млн теңгеден астам үнемделді.
Одан арттық ҚМА баспасөз қызметі атап өткендей, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша бірқатар кешенді шаралар әзірленген:
- Мемлекеттік мекемелер өнім өндірушілерден және ірі көтерме саудагерлерден тікелей сатып алу,
- Заңсыз алынған табысқа пропорционалды айыппұлдарды қолдана отырып, сауда үстемелерін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту.