Синоптиктер елімізде ауа-райының қарама-қайшылықтарын болжап отыр. Мемлекетіміздің шығысында жаңбыр мен қар жауады, ал солтүстігінде температура төмендейді, деп хабарлайды CMN.KZ
«Қазгидрометте» алдағы үш күндері Қазақстанның солтүстік-шығысы мен шығысында қар жауғаны мен бұрқасын сақталатыны хабралайды. Осындай ауа-райының себебі циклон мен оның фронтальды бөлімдері.
«Республика аумағының қалған бөлігінің ауа-райын жоғары қысым алқабы анықтайды, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі», — синоптиктер деп қосты.
13 қаңтарда Солтүстік циклонның кезекті жырасы батыс аймақтарға ауысады, одан жауын-шашын ылғалды қар мен жаңбыр түрінде, сондай-ақ көктайғақ құбылыстары болжанады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп күтілуде.
Елдің солтүстігінде түнгі уақытта ауа температурасы 8-18 аязға дейін төмендейді, ал шығыста термометр бағандары −10 −27 градусқа жетеді.
Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.