Бразилияда Cessna Aircraft әуе кемесі ұшу-қону жолағынан шығып, жағажайда жарылды. Ішінде болған ұшқыш қаза тапты, жолаушылар мен кейбір демалушылар жараланды, деп хабарлайды CMN.KZ
SHOT мәліметтері бойынша, Cessna aircraft бизнес ұшағының Убатуба қаласындағы Гастон-Мадейра әуежайындағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Әуе кемесі тікелей қалалық жағажайға ұшып, жарылды.
Апат салдарынан жеті адам жарақат алды, оның бесеуі — бортта болған жолаушылар. Cessna ұшағының ұшқышы оқиға орнында қаза тапты. Куәгерлер жолаушыларды әуе кемесінің қалдықтарынан өз күшімен шығарып үлгерді, олардың арасында балалар да болды. Әлеуметтік желілерде куәгерлердің жолаушыларды құтқару сәтін түсірген бейнежазбалар кең тарады.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы мен жаңбыр салдарынан ұшу-қону жолағының ылғалдануы себеп болған.
Бұған дейін 25 желтоқсанда Ақтауда әуе апаты орын алды. Азербайжанның Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы «Баку-Грозный» рейсін орындау кезінде құлап, өртке оранды. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның ішінде бес экипаж мүшесі. Қайтыс болғандар саны – 38 адам.