Қазақстанда пәтер жалдау құнының арзандау үрдісі жалғасуда. Қыркүйек айында ел бойынша жалға алу бағасы орта есеппен 2%-ға төмендегені белгілі болды, деп хабарлайды CMN.KZ.
Krisha.kz жүргізген мониторингке сәйкес, жалдау құны 14 қаланың 10-ында төмендеген. Ең үлкен төмендеу Петропавлда (-10%), Павлодарда (-8%) және Қарағандыда (-5%) байқалды. Елордада бұл көрсеткіш небәрі 1%-ды, ал Алматыда 3%-ды құраса, Шымкентте 4%-ға түскен.
Сонымен қатар, көктемгі су тасқыны мен жазғы маусымдық сұраныс әсерінен жалдау құны әлі де жыл басымен салыстырғанда жоғары қалып отыр, бұл әсіресе үлкен қалаларда байқалады. Жалпы республика бойынша орташа өсім 14% деңгейінде.
Астанада пәтердің әртүрлі санаттарында бағаның төмендеуі тіркелген. Алматыда үш бөлмелі пәтерлер арзандағанымен, бір және екі бөлмелі пәтерлердің құны өзгеріссіз қалған. Шымкентте де өзгеріс байқалғанымен, төмендеу аз.
Естеріңізге сала кетсек, жаз соңында Алматыда бір бөлмелі пәтерге сұраныстың азаюы байқалған еді.