Екі ел басшыларының кездесуі 2025 жылғы 10 қазанда ТМД мемлекеттері Басшылары Кеңесінің отырысы аясында өтті, деп хабарлайды CMN.KZ
Қасым-Жомарт Тоқаев 12 қарашада Путиннің шақыруымен Ресейге баратынын еске салды. Ол бұл оқиғаға маңызды мән беретінін атап өтті.
«Қазақстан мен Ресейді шын мәнінде мәңгі одақтастық, стратегиялық серіктестік және достық қарым-қатынастар байланыстырады. Көрсеткіштерге көңіл толады. Менің Ресейге жасайтын сапарымның алдында өзара сауда көлемі жоғары деңгейге жетті. Былтыр оның көлемі 28 миллиард долларды құрады», – деді Тоқаев.
Ол Ресей Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының бірі екенін атап өтті. Осы жылдар ішінде ресейлік бизнес оған 26 миллиард доллардан астам инвестиция салды, ал өткен жылы инвестиция 4 миллиард долларды құрады.

«Бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны 22 миллиард долларға жуық 114 жобаның іске асырылғанын мысалға алсақ та жеткілікті. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасады», – деді Тоқаев.
Өз кезегінде Владимир Путин Ресей Қазақстанмен қарым-қатынасты өте жоғары бағалайтынын мәлімдеді.
«БЕкі ел арасындағы байланыстардың сипаты ерекше. Бұған Сіз бен біздің достығымыз ғана ықпал етіп отырған жоқ. Өйткені Қазақстан мен Ресей посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістерге бастамашы болып келе жатқаны белгілі», – деді Ресей көшбасшысы.
Ол екі мемлекет басшыларының назарын үнемі талап ететін көптеген және екіжақты мәселелер бар екенін айтты.
Сондай-ақ Путин Тоқаевқа ресей-қазақстан байланыстарын дамытуға деген көзқарасы үшін алғысын білдірді.