Хайтам Әл-Гаис Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен әлемдік мұнай нарығындағы ахуалды және ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды CMN.KZ
Президент ОПЕК-тің жаһандық мұнай нарығының тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Хайтам әл-Гаистың сапарын еліміз бен ұйым арасындағы конструктивті диалогты дамытуда маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Тоқаев Қазақстан ОПЕК+ — тің ұлттық мүдделерді қорғаудың басымдылығын ескере отырып, мұнай өндіру көлемін біртіндеп ұлғайту туралы шешімін қолдайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, сұхбаттасушылар өңірдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған бірлескен шараларды талқылады. Мұнай өндіруші елдер мен көмірсутектерді импорттайтын мемлекеттер арасындағы мүдделер теңгерімін қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.