Синоптиктер алдағы үш күнде – 12-14 тамыз аралығында ел тұрғындарын күтетін ауа-райы туралы айтты, деп хабарлайды CMN.KZ
Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанға найзағаймен жаңбыр әкеледі.
«Әсіресе жауын-шашын елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде болады. Кейбір аймақтарда бұршақ пен дауыл болады деп болжануда. Республиканың оңтүстігінде ғана жаңбырсыз ыстық ауа райы сақталады», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман болады деп күтілуде.
Бұл ретте елдің басым бөлігінде температураның шамалы төмендеуі болжануда:
- батыста түнде + 13 +18 градусқа дейін, күндіз+23 +31 дейін болады;
- солтүстік-батыста түнде температура +18+20, ал күндіз +18+28 градусқа дейін төмендейді;
- солтүстікте түнде +10+17 дейін, күндіз +18+23 дейін күтілуде;
- оңтүстікте түнде + 13 +23, күндіз+27 +37 дейін болады.
Қалған өңірлерде температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді.