Солтүстік Қазақстан облысында түн ортасында өңірдің 53 жастағы ер азаматтың тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды CMN.KZ
ҚР ІІМ хабарлағандай, 13 маусымға қараған түні сағат 01:40 шамасында Жамбыл ауданы Кладбинка ауылында Мира көшесіндегі үй өртенді. Өртті территорияны аралып өтіп жатқан учаскелік полиция инспекторы Азат Әнуарбек көріп қалды.
«Төбесі мен алдыңғы есігі отқа оранған, полиция қызметкері терезені сындырып, 53 жастағы ер адамды құтқарды. Келген құтқарушылар өртті ауыздықтады. Ауыл тұрғынға медициналық көмек қажет болмады», – деп атап өтті ІІМ баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматыда өрт кезінде бес адам құтқарылған болатын. ТЖ Серкебаев көшесіндегі төрт қабатты үйде орын алды.