Премьер-министр Олжас Бектенов Туризм министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп балаларға тарихи-мәдени мұра объектілеріне, сондай-ақ белгілі туристік аймақтарға баруды ұйымдастыруын тапсырды, деп хабарлайды CMN.KZ
«Демалыс кезінде батыс облыстардың балаларына еліміздің шығысын көруге қызық болады. Оңтүстік облыстардан келген оқушыларға – Қазақстанның солтүстігі және керісінше. Балалар туған Қазақстанның барлық табиғи және мәдени алуан түрлілігін көруі керек», – деді Бектенов.
Сондай-ақ, ол өңірлер әкімдіктері мен Білім министрлігінен балалардың сауықтыру лагерлері мен инновациялық шығармашылық орталықтарын салу қарқынын жеделдетуді талап етті. Бектеновтың айтуынша, барлық нысандар белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс.
Бұған дейін мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады. Премьер-министр су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы баяндады.