2025 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстаннан он елге жаңа халықаралық авиарейстер іске қосылады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады. Халықаралық әуе қатынасын кеңейту бойынша жұмыс көліктік қолжетімділікті арттыру және туризмді дамыту мақсатында тұрақты негізде жүргізіледі, деп хабарлайды CMN.KZ
Жаңа бағыттар Қазақстанды Венгрия, Германия, Түркия, Грузия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Оңтүстік Корея және Вьетнаммен байланыстырады.
Шымкенттен «SCAT» әуекомпаниясының маршруттары:
- 27 мамырдан бастап:
- Шымкент — Будапешт (Венгрия) – аптасына 2 рейс;
- Шымкент — Мюнхен (Германия) – аптасына 2 рейс;
- 29 мамырдан бастап:
- Шымкент – Шанхай (Қытай) – 2 рейс;
- Шымкент – Сеул (Оңтүстік Корея) — 2 рейс.
«Air Astana» жаңа бағыттары:
- 14 мамырдан бастап:
- Астана — Дананг (Вьетнам) – аптасына 2 рейс;
- 27 мамырдан бастап:
- Атырау – Тбилиси (Грузия) – 3 рейс;
- 28 мамырдан бастап:
- Алматы – Ош (Қырғызстан) – 4 рейс;
- 31 мамырдан бастап:
- Атырау – Баку (Әзірбайжан) — 3 рейс.
«Fly Arystan»желісін кеңейту:
- 18 мамырдан бастап:
- Алматы – Құлжа (Қытай) — аптасына 2 рейс;
- 28 мамырдан бастап:
- Астана – Газипаша (Түркия) – 2 рейс.
Басқа авиатасымалдаушылардың маршруттары:
- 13 мамырдан бастап Azerbaijan Airlines Астана – Баку бағыты бойынша рейстердің жиілігін аптасына үштен төрт ретке дейін арттырады.