Журналистер жұмбақ суретші Бэнксидің кім екенін анықтады

граффити
Фото: pixabay

Reuters агенттігінің журналистері әйгілі граффити суретшісі Бэнксидің шын есімін анықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ

Басылымның зерттеуіне сәйкес, Бэнкси – Бристоль қаласының тумасы, Ұлыбритания азаматы Робин Ганнингем. Кейін ол есімін Дэвид Джонс деп өзгерткен.

«2008 жылы Бэнксидің бұрынғы менеджері Стив Лазаридес британдық БАҚ оның жеке басын ашуға тырысқаннан кейін суретшіге атын өзгертуге көмектесті», – делінген жарияланымда.

Reuters мәліметінше, суретшінің жаңа есімі Дэвид Джонс екені 2022 жылдың қарашасында оның Украинаға жасаған сапарына байланысты ашық деректерді талдау арқылы анықталған. Сол сапар кезінде ол басқа бір суретші әрі Massive Attack тобының музыканты Роберт Дель Наимен бірге болған.

Агенттік атап өткендей, Дэвид Джонс есімі Ұлыбританияда өте кең таралғандықтан таңдалуы мүмкін. Сонымен қатар бұл есім британдық әйгілі музыкант Дэвид Боуидің де шын аты болған.

Бэнкси – әлемдегі ең жұмбақ суретшілердің бірі. Оның саясатқа, соғысқа, капитализмге және қоғамдағы екіжүзділікке қарсы бағытталған ирониялық граффитилері бүкіл әлемге танымал.

Суретшінің жұмыстары жиі аукциондарда сатылып, кейбірі алты таңбалы сомаға дейін бағаланған.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска