Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер үшін аптасына бір күнді кітап оқуға арнау ұсынылды, деп хабарлайды CMN.KZ
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бұл бастаманы мемлекеттік қызмет туралы заң жобасын талқылау кезінде көтерді.
Оның пікірінше, аптасына бір күн шенеуніктерді жұмыс міндеттерінен толық босатып, өзін-өзі дамытуға бағыттау қажет.
«Әр жұманы шығармашылық және ағарту күні ретінде белгілеуді ұсынамын. Құжат та, тапсырма да болмайды – мемлекеттік қызметкерлер кітапханаға барып, кітап оқып, білімін арттырсын», – деді депутат.
Ол мұндай бастама мемлекеттік аппараттың интеллектуалдық деңгейін арттыруға бағытталған саясаттың жалғасы бола алатынын атап өтті.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз