Елордалық пәтерлердің бірінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар әйелдің денесі табылды. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды CMN.KZ
Алдын ала мәліметтер бойынша, астаналық әйелді оның 30 жастағы қызы өлтірді деп күдіктенеді. Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, олардың арасында жанжал туындады. Оның барысында қызы анасын пышақтады.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр», – деп толықтырды Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы облысының Талғар ауданында екі қарт адамды қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіні құқық қорғау органдары емес, батылдық пен табандылық танытқан қарапайым азамат ұстап алды.