Атырау – Доссор тас жолында КамАЗ бен пикаптың қатысуымен ЖКО орын алды. Нәтижесінде көліктердің бірінің жолаушысы қаза тапқан, деп хабарлайды CMN.KZ
Апаттан кейін түсірілген бейнебаян әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда төңкерілген жүк көлігін көрсетілді. Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 2025 жылдың 26 мамырында Геолог ықшам ауданында шамамен сағат 15:00 болған.
«Камаздың 49 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан шығып, 35 жастағы ер адам басқарған Great Wall Wingle 5 көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Great Wall Wingle 5 автокөлігінің 62 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», – деп хабарлады өңірдің ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Астанада болған ЖКО кезінде ер адам жүк көлігінде өртеніп кетті. Алдын ала мәліметі бойынша, Mercedes жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Sinotruk көлігімен соқтығысқан. Астана ТЖД баспасөз қызметі оның денесі өртті сөндіргеннен кейін табылғанын айтты.